Спорт Министрі | Мұхаммедсабыр кәсіпқой бокста өнер көрсетеді
БОКСТРЕНДТЕ

Мұхаммедсабыр кәсіпқой бокста өнер көрсетеді

Орта салмақтағы ұлттық құраманың үздігі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тайландтта өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысып көрмек.

Аталмыш кездесу 1-ші ақпан күні Бангкок қаласында болады. Оны қазақстандық және тайландттық промоутерлік компаниялар бірлесе ұйымадстырып жатыр. Әзірге Мұхаммедсабырдың қарсыласы белгісіз. Белгілісі бокс кешінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлынан бөлек, Руслан Мадиев, Елшат Нығметолла, Нұрдос Төлебай және Армат Арманұлы сияқты қазақт андық боксшылар кәсіпқой бокстағы кезекті кзедесулетін өткізеді.

Айта кетейік, Мұхаммедсабыр 2024 жылы Париж олимпиадасына қатысып, ширек финалға дейін жетті. Артынша Тайландтта өткен азия чемпионатында бақ сынады. Бірақ, жүлдегерлер қатарына кіре алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button