Спорт Министрі | София Ақтаева әлемдік аламанда топ жарды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

София Ақтаева әлемдік аламанда топ жарды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода өтті.

Оған еліміз атынан София Ақтаева қатысқан болатын. Ол семсерлесудің рапира бағытында сынға түсті және 52 спортшы арасынан алға шығып, ең үздік нәтиже тіркеді. София финалда Қытай өкілі Чихе Теймен кездесіп, 2 ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 15:13.

Осылайша қазақстандық қыз әлем кубогінің алтын жүлдегері атанды. Бұл отандық спорт үшін 2025 жылдың алғашқы жарқын жеңісі деуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button