
Ақтөбеде көпфункционалды стадонның құрылысы басталады. Су жаңа арена 35 мың жанкйүерге арналған. Сәйкесінше, еліміздегі ең ірі жасыл алаң болмақ.
Оның жобасымен осыдан бір ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары барысында танысқан болатын. Ал, бүгін облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында құрылыстың басталатындығы туралы ақпарат шықты.
«35 мыңнан астам көрерменді сыйдыратын жаңа стадион спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған маңызды орынға айналады, өңіріміздің спорттық әлеуетін арттырады. Қаламыздың мәдениеті мен спорты жаңа белеске көтерілмек» — делінген арнайы хабарламада.