Спорт Министрі | Боксшыларымыз Азия үздігі атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Боксшыларымыз Азия үздігі атанды


Төрехан, Темірлан және Сағындық Азия үздігі атанды.

Азия бокс конфедерациясы 2024 жылды қорытындылап, ең үздік былғары қолғап шеберлерін жариялады. Тізімге 3 бірдей қазақстандық спортшы ілікті. Атап айтқанда, ересектер арасында «жылдың ең үздік боксшысы» атағы ұлттық құрама өкілі Сағындық Тоғамбайға бұйырды. Ол жуырда ғана Тайландта өткен Азия чемпионатына қатысып, алтын жеңіп алған болатын. Айта кету керек, Сағындық барлық жекпе-жегін уақтынан бұрын аяқтады.

Спорт Министрі | Боксшыларымыз Азия үздігі атанды

 Ал, «жылдың ең үздік жас боксшысы» атағы тағы бір қазақстандық Төрехан Сабырханға берілді. Төрехан биыл осы жас деңгейінде әлем чемпионы атанды. Бұған қоса, 4 мәрте құрлықтық доданы жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар, 22 жасқа дейінгілер санатында ұлттық құрама өкілі Темірлан Мұқатаев та Азия бокс конфедерациясы тарапынан жоғары марапатқа ие болып, жыл үздігі атанды. Темірлан 86 келіге дейінгілер арасында өнер көрсетеді және ұлттық құрамаға лайықты ізбасар саналады.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан бокс федерациясы Азия құрлығы бойынша «жылдың ең үздік федерациясы» деп танылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button