Спорт Министрі | Қайрат Сәтжанов: Тек бірінші орын үшін барамыз
БОКСТРЕНДТЕ

Қайрат Сәтжанов: Тек бірінші орын үшін барамыз

Бокстан ерлер ұлттық құрамасы Азия чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.

Байрақты бәсеке 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.Боксшыларымыз 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Қазіргі уақытта ұлттық құрама жарыс алдындағы Астанада Куба, Ресей және Грекия командаларымен бірлескен соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Боксшылардың дайындығы жақсы деп ойлаймын.Ұлттық құрама Куба, Ресей, Грекия командаларымен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгін осы командалармен спаринг болады. Оқу-жаттығу жиынында қанша боксшы болды, солардың барлығын бөліп тастадық. 4 рингте әр боксшы өз салмақ дәрежесінде сынға түседі. Енді мақсатымыз Азия чемпионатында көбірек алтын алып, командалық есепте 1-орын алу. Екінші не үшінші орын алу деген дұрыс емес. Қазіргі уақытта ең бірінші орында жүрген Олимпиада да, Әлем чемпионатында да Өзбекстан құрамасы. Ең басты қарсыластарымыз сол деп ойлаймын. Басқа да құрамаларды ұмытпау керек. Тайланд, Жапония, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан бар. Осал қарсылас жоқ,- дейді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.

54 келіде сынға түсетін Махмұд Сабырханның дайындығы жақсы.

Дайындығымыз өте керемет. Алматыда 20 күн, Астанада 10 күн дайындалдық. Еліміздің мақтанышы Геннадий Головкиннің физикалық дайындығына көмектескен Кристофер Камачо бар. Өзіміздің бапкерлер және жеке бапкерлер де дайындап жатыр. Барлығымен ақылдасып жаттығу жұмыстары ойдағыдай өтуде,- дейді Ұлттық құрама мүшесі Махмұд Сабырхан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button