
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде екі қазақстандық спортшы – Талғат Орынбасар мен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзара кездесті.
Шешуші белдесуде Талғат Орынбасар тәжірибелі отандасынан басым түсіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Ал Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Абу-Дабидегі жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Осылайша, 60 келі салмақта Қазақстан құрамасының екі өкілі жүлде үшін күресіп, Талғат Орынбасар жеңіс тұғырына көтерілді.



