
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының қараша айындағы кездесулеріне шақырылған ойыншылардың түпкілікті тізімін жариялады. Ұлттық құрама сапына 27 футболшы енді.
Қазақстан құрамасы қарашада екі матч өткізеді. 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасымен кездессе, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
Ұлттық құраманың соңғы тізімі:
Қақпашылар:
-
Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
-
Александр Заруцкий («Ақтөбе»)
-
Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан)
Қорғаушылар:
-
Әлібек Қасым («Астана»)
-
Ян Вороговский («Астана»)
-
Арсен Әшірбек («Елімай»)
-
Әділбек Жұмаханов («Елімай»)
-
Сергей Малый («Ордабасы»)
-
Владислав Васильев («Оқжетпес»)
-
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
-
Александр Мрынский («Қайрат»)
-
Наурызбек Жагоров («Тобыл»)
-
Темірлан Ерланов («Ақтөбе»)
Жартылай қорғаушылар:
-
Рамазан Оразов («Елімай»)
-
Алмас Төлібай («Елімай»)
-
Айбол Әбікен («Қызылжар»)
-
Исламбек Қуат («Жеңіс»)
-
Еркін Тапалов («Қайрат»)
-
Бауыржан Исламхан («Астана»)
-
Дінмұхамед Қараман («Астана»)
-
Жасұлан Әмір («Ордабасы»)
Шабуылшылар:
-
Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей)
-
Исмаил Бекболат («Қайрат»)
-
Азамат Тұяқбаев («Қайрат»)
-
Рамазан Кәрімов («Астана»)
-
Ғалымжан Кенжебек («Ахмат», Ресей)
-
Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
Тізімге Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылармен қатар Ресей мен Әзербайжан чемпионаттарында ойнайтын легионерлер де енді.
Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу 16 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Ойынға билеттерді Jankúier қосымшасы мен Яндекс Афиша платформасы арқылы сатып алуға болады.



