БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын бастайды

Бүгін, 3 тамызда, Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Әлемдік додада Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың сапына Әлиахмет Қарашев, Абылай Аманбеков, Әліби Аманжол, Әліжан Ауданбеков, Асанәлі Амангелдинов, Думан Сағындық, Максим Сасин, Бекназар Алшынбай, Ерасыл Абай, Сұлтан Құмарбек, Шыңғысхан Әскербеков, Дәуір Нұритдин, Ернар Тілекқабыл, Жантөре Назарбек және Әділхан Сергебай енді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін бүгін өткізіп, Мысыр құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады. Турнирде әлемнің үздік жас ватерполшылары чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button