
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен кездесіп, жеңіске жетті.
Осылайша, Айдар Арапов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алса, Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болды. Ал Шерзод Давлатов пен Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншілеген еді.



