ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Даму турнирін ірі жеңіспен бастады

Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында басталған УЕФА Даму турнирінде Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы алғашқы ойынын сенімді жеңіспен аяқтады. Юлия Мамонова шәкірттері Эстония WU-16 командасын 5:1 есебімен ұтты.

Қазақстандықтар бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешіп тастады. Алдымен 16-минутта Даяна Төлебаева есеп ашты. Одан кейін Милена Николенко есепті еселей түссе, Нұрай Болатова үшінші голды соғып, үзіліске дейін айқын басымдық орнатты.

Екінші таймда Милена Николенко дубль жасап, командасының төртінші голын енгізді. Ал Кәусар Алпысбай 56-минутта есепті 5:0-ге жеткізді. Матч соңында Эстония құрамасы бір голмен жауап қайтарды.

Осылайша, Қазақстан WU-16 құрамасы турнирді ірі жеңіспен бастады. Келесі ойында отандастарымыз 5 мамыр күні Израиль құрамасына қарсы алаңға шығады.

Матч мәліметі:
Қазақстан WU-16 – Эстония WU-16 – 5:1 (3:0)

Голдар: Төлебаева 16, Николенко 20, Болатова 24, Николенко 48, Алпысбай 56 – Тойрк 80

Кездесу 3 мамыр күні Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button