
Қазақстан дзюдо құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнін аяқтады.
Ұлттық құрамадан үш спортшы финалдық кезеңге шыққанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.
Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күрескен болатын.
Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы белдесуде жеңілсе, Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтүрге қарсы айқаста есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады.



