БОКСТРЕНДТЕ

2026 жылғы бокстың басты халықаралық додалары белгілі болды

2026 жылғы халықаралық бокс күнтізбесіне сәйкес, қазақстандық боксшылар қатысатын басты жарыстар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

Маусымның негізгі додаларының бірі — Азия ойындары. Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін құрлықтық ойындарда Қазақстанның ұлттық құрама мүшелері де рингке шығады.

Сонымен қатар, 28 наурыз — 11 сәуір күндері Моңғолияда ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылады.

Желтоқсан айында Сауд Арабиясында жабық ғимараттағы Азия ойындары өтеді.

Әлем кубогы кезеңдері:

  • сәуір айында — Бразилия,

  • маусым айында — Қытай,
    ал финалдық кезеңдері қараша және желтоқсанда Өзбекстанда өтеді деп жоспарланған.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы маңызды турнирлер де күнтізбеде бар:

  • Дакар (Сенегал) — 31 қазан — 13 қараша: Жастар арасындағы Олимпиада ойындары,

  • Индонезия — 3 — 16 шілде: 19 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты,

  • Шілде—тамыз айларында — 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты,

  • Өзбекстан — 1 — 16 тамыз: 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ірі халықаралық турнир.

Бұдан бөлек, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі боксшылары 8—15 наурыз күндері Таиландта өтетін әлем кубогында бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button