ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Таеквондодан Қазақстан іріктеу чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 273 спортшы қатысты. Ұлттық біріншілік іріктеу сипатында өтіп, жеңімпаз атанған спортшылар 2026 жылы халықаралық жарыстарда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде жүлдегерлер анықталды.

Ерлер арасында чемпион атанғандар қатарында Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Азим Ниязов (63 кг), Дамир Шуленов (68 кг), Елдар Бірімбай (74 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Меир Нұрғазин (87 кг) және Бауыржан Хасенов (+87 кг) бар.

Әйелдер арасында алтын жүлделерді Құралай Жамалбекова (46 кг), Рита Бакишева (49 кг), Азиза Қаражанова (53 кг), Тоғжан Қазынабек (57 кг), Камила Аймұқашева (62 кг), Аяулым Асқар (67 кг), Нұрай Хусайнова (73 кг) және Назым Махмұтова (+73 кг) иеленді.

Айта кетейік, бұл чемпионат 2026 жылғы Азия чемпионаты мен Азия ойындарына дайындық аясындағы маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button