
Әлемдегі ең ірі футбол платформаларының бірі Score 90 2005–2008 жылдары туған жас ойыншылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізім үздік таланттарды жас санаттары бойынша іріктейді.
2008 жылы туған, яғни 17 жастағы футболшылар арасындағы ТОП-5 қатарына қазақстандық Дастан Сәтпаев енді. Бұл тізімге кірген ойыншылар қазір әлем футболының ең перспективалы жас таланттары саналады.
Осы жас санатындағы алғашқы бестік:
- Леннарт Карль (Германия, «Бавария»)
- Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»)
- Нгумоа Рио (Англия, «Ливерпуль»)
- Хонест Аханор (Италия–Нигерия, «Аталанта»)
- Дастан Сәтпаев (Қазақстан, «Қайрат» — «Челси»)
Бұл – қазақстандық футбол тарихындағы ерекше оқиға. Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың бірі ретінде де танымал.



