
Абу-Дабиде (БАӘ) өткен дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Финалдық кезеңге дейін ұлттық құрама мүшелерінің ешқайсысы жете алған жоқ.
30 қарашада бозкілемге шыққан Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Марат Байқамұров (100 кг) және Еламан Ерғалиев (+100 кг) алғашқы айналымдарда қарсыластарына есе жіберді.
Қазақстан командасының жалғыз жүлдесін 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбиба Әбужақынова алды. Ол қола медаль иеленіп, ұлттық құраманың Абу-Дабидегі басты нәтижесі болды.



