ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Исламиада-2025: Бауыржан Хасенов күміс медаль иегері атанды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшысы Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды.

82 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін сүрінбей жетті.

Шешуші айқаста Хасенов өзбекстандық Марат Мавлоновпен кездесіп, тартысты бәсекеде 0:2 есебімен есе жіберді.

Нәтижесінде Бауыржан Хасенов Исламиаданы күміс медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button