Бүгін елордада Қазақстан Республикасы конкурдан чемпионаты басталды.
 Жарыстың алғашқы күні тартысты және көрерменге әсерлі өтті.
 «Арғымақ» АССК аренасында елдің әр аймағынан келген 40-тан астам спортшы бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, шеберлікті және ат үстінде сенімділікті көрсетті.
 Маршрут №1 — «A» тобы, биіктігі 135 см дейін
 Қатаң бәсекеде Олег Соколенко Синдерелла (Prestige Horse Club) атты атымен үздік нәтиже көрсетіп, 57,59 секундта айыпсыз өтіп, жеңімпаз атанды.
 Екінші орынды Раиса Соколенко Уран-Над Виграми  (Prestige Horse Club)  атты атымен — 4 айып ұпай, 56,59 секунд нәтижесімен иеленді.
 Үшінші орынға Азамат Хасенов Мун Фейри (Көкпар Астана) атты атымен — 4 айып ұпай, 59,84 секунд нәтижесімен тұрақтады.
 Маршрут №2 — «B» тобы, биіктігі 120 см дейін
 Ең жылдам және дәл өнер көрсеткен Шыңғыс Маликаджар Немсе (Шымкент қ. Ат спорт клубы) атты атымен 50,20 секундта айыпсыз өтіп, бірінші орынды иеленді.
 Екінші орын — Эстелла Бабаян Таймаз (Шымкент қ. Ат спорт клубы) — 54,40 секунд.
 Үшінші орын — Нұрболат Қартқожақ Бүркіт (Prestige Horse Club) — 55,04 секунд.
 Бірінші күн жарысы әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті, чемпионаттың қарқынын анықтап берді. Ертең қатысушыларды жаңа маршруттар мен жүлделі орындарға талас күтіп тұр.



