Спорт Министрі | Джиу-джитсу шебері Рафаэль Орумбаев жасөспірімдер Азиадасында күмістен алқа тақты
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Джиу-джитсу шебері Рафаэль Орумбаев жасөспірімдер Азиадасында күмістен алқа тақты

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Рафаэль Орумбаев Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы 69 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Отандасымыз ақтық сында қырғызстандық Рамазан Тиянгубермен белдесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша Рафаэль Орумбаев жасөспірімдер Азиадасын екінші орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button