ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ-де тарихи рекорд орнады: 25-турда 33 гол соғылды

Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 25-туры ел тарихындағы ең нәтижелі тур ретінде тіркелді. Барлығы жеті кездесуде командалар 33 гол соқты — бұл чемпионат басталғалы бергі жаңа рекорд.

Тур нәтижелері:

  • Қызылжар – Қайрат – 0:1
  • Ұлытау – Қайсар – 1:1
  • Атырау – Жеңіс – 1:1
  • Тұран – Елімай – 3:6
  • Жетісу – Тобыл – 1:2
  • Астана – Ақтөбе – 5:3
  • Ордабасы – Оқжетпес – 7:1

Ордабасының ірі жеңісі мен Елімайдың алты голы турдың көркін қыздырды. Ал «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы жоғары қарқынды ойын көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

33 голдық көрсеткіш бұған дейінгі маусымдардағы нәтижеліліктен асып түсті және ҚПЛ тарихындағы ең көп гол соғылған тур ретінде ресми тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button