
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған жаңартылған рейтингте қазақстандық Александр Бублик өз орнын жақсартты.
Ұлттық құраманың көшбасшысы 16-орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін Бублик 17-орыннан жоғары көтерілген емес.
Бұл жетістікке ол Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP турнирінде жеңіске жетуінің арқасында қол жеткізді.
Жаңартылған рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында – италиялық Янник Синнер, ал үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.