КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар Таиландтағы халықаралық турнирде екі алтын медаль иеленді

Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды.

Жарыстың алғашқы күндерінде бозкілемге грек-рим күресінің өкілдері шықты. Қазақстандық балуандар екі салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

72 келіге дейінгі салмақта Данияр Қанағатбек қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Ал 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Анапия алтын медаль иеленді. Ол да өз салмағында бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Таиландтағы халықаралық жарыстың грек-рим күресі бәсекесінде екі алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сирача қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық турнир 22 қарашаға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button