ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы спортшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды.

19 қарашада басталатын әлем біріншілігінде Қазақстан атынан 18 дзюдошы өнер көрсетеді. Олардың тоғызы ұлдар, тоғызы қыздар арасындағы жарыстарда бақ сынайды.

Ұлдар арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта Әлішер Тұрсынәлі алғашқы белдесуін Кувейт өкілі Хасан Альрамзиге қарсы өткізеді.

66 келіде Ролан Қайырғали испаниялық Батырхан Асаналиевпен кездеседі. Ал Ерасыл Ержанов Израиль өкілі Том Симхаев пен ботсваналық Омпатиле Кгори арасындағы белдесудің жеңімпазымен күреседі.

73 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедали Закировтың алғашқы қарсыласы жапониялық Юра Екоо болады.

81 келіде Омар Нұрбергенов аргентиналық Игнасио Ландольфи мен польшалық Шимон Шулик арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдеседі. Осы салмақтағы Досбол Балғабай БАӘ өкілі Рошид Нематовпен кездеседі.

100 келіге дейінгі салмақта Санжар Еруланұлы германиялық Даниил Спиридоновпен, Асқар Біржанов үндістандық Харш Шармамен күш сынасады. Ал 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов ирандық Мохаммадпурия Банаеиан Толкимен белдеседі.

Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Айнара Сейітжанова өзбекстандық Лазиза Хайдарова мен иорданиялық Рама Альхалайлех арасындағы кездесудің жеңімпазымен күреседі. Ал Айзат Наукенова үндістандық Ангел Ядавпен кездеседі.

52 келіде Нұрбала Зайнул испаниялық Марта Беорлеги Осеспен, 57 келіде Зарина Мурадасыл жапониялық Канна Маэдамен белдеседі.

63 келіге дейінгі салмақта Айдана Абиханова Черногория өкілі Ведрана Прашчевичпен кездессе, Дамеля Асылханова мексикалық Мария Круспен күш сынасады.

70 келіде Шынар Бітімбай нидерландылық Луна де Кок пен литвалық Виктория Рагаускайте арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.

78 келіге дейінгі салмақта Гүлсезім Тұрлыбектің алғашқы қарсыласы моңғолиялық Буян-Олзий Эрдэнэбат болады. Ал 78 келіден жоғары салмақта Руслана Махатова чехиялық Мари Коснаровамен белдеседі.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19 қарашада Ташкентте басталады. Қазақстандық дзюдошылар жарыстың алғашқы күнінен бастап жүлделі орындарға таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button