ҚЫСҚЫ СПОРТ

Артур Смағұлов Эстониядағы халықаралық турнирде қысқа бағдарламадан кейін 11-орында келеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан Tallinn Trophy 2026 халықаралық турнирінде қысқа бағдарламасын орындады.

ISU Challenger сериясына кіретін жарыста отандасымыз төрешілерден 61,09 ұпай алып, ерлер арасындағы жекелей сында 11-орынға тұрақтады.

Қазақстанның тағы бір өкілі Никита Кривошеев турнирге қатысудан бас тартты.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Италия спортшысы Габриэле Франджипани көш бастады. Ол 80,96 ұпай жинап, бірінші орынға орналасты.

Екінші орында 79,57 ұпай еншілеген Оңтүстік Корея өкілі Ким Хенгем тұр. Ал Польша атынан өнер көрсететін Владимир Самойлов 74,35 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Енді спортшылар 19 қарашада еркін бағдарламада сынға түседі. Турнирдің қорытынды нәтижесі екі бағдарлама бойынша жинаған ұпайлардың қосындысымен анықталады.

Артур Смағұлов еркін бағдарламада өз нәтижесін жақсартып, жалпы есептегі орнын жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button