
Қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жүлдегер атанды.
Ұлттық құрама өкілі ерлер арасында шпагамен семсерлесуден жекелей сында үздік үштікке енді.
Шарлаимов турнир барысында жартылай финалға дейін жетіп, қола медальді қамтамасыз етті. Финалға шығу үшін өткен айқаста ол Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.
Бұл кездесуде венгриялық спортшы басымдық танытып, 15:4 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде қазақстандық семсерлесуші ақтық сынға өте алмады.
Осылайша, Вадим Шарлаимов Берндегі әлем кубогының кезеңін үшінші орынмен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.



