ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогында күміс медаль иеленді

Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құрама өкілі әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта «А» дивизионында сынға түсіп, екінші нәтиже көрсетті.

Кристина Шумекова белгіленген қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Бұл сайыста Нидерланд өкілі Ангел Далеман жеңімпаз атанды. Ол 1000 метрді 1 минут 14,07 секундта жүріп өтіп, қазақстандық спортшыдан 1,57 секундқа озып кетті.

Ал қола медаль Польша спортшысы Виктория Дабровскаға бұйырды. Оның уақыт көрсеткіші 1 минут 15,85 секундты құрады.

Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңдегі әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкелді.

Айта кетейік, конькимен жүгіруден әлем кубогының бірінші кезеңі 13–15 қараша аралығында өтеді. Ал екінші кезең 20–22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button