ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Аман Бақытжан Загребтегі дзюдо Гран-приінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалдық белдесуде Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде тәжірибелі қарсыласы басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ал Аман Бақытжан турнирді екінші орынмен аяқтады.

Бұл Қазақстан құрамасының Загребтегі Гран-при жарысында жеңіп алған екінші күміс медалі болды.

Бұған дейін әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған еді. Ол шешуші белдесуде 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Ассунта Скуттоға жол берді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда бразилиялық Рональд Лимадан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан дзюдошылары Загребтегі Гран-при турнирінде әзірге бір алтын және екі күміс медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button