ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстанның 12 дзюдошысы Гонконгтағы Азия кубогына қатысады

Қазақстандық дзюдошылар 28–29 қараша аралығында Гонконгта өтетін Азия кубогында бақ сынайды. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар. Олардың жетеуі ерлер, бесеуі әйелдер арасындағы бәсекелерге қатысады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Кулушев, Нұрсұлтан Бейсенбек және Дамир Болатбеков ел намысын қорғайды.

66 келіге дейінгі салмақта Айбек Иемберген, Табылды Биғамбаев және Қайрат Жеңісұлы белдеседі. Ал 81 келіде Елзат Нұрмаділ өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы жарыста 48 келіге дейінгі салмақта Сымбат Тағай мен Зере Өтепқали сынға түседі. 52 келіде Нұрайлым Сәрсенбек, 63 келіде Нұрай Жеңіс және 78 келіде Аружан Жандарбай Қазақстан атынан күреседі.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:

Ерлер:

  • 60 келі: Данияр Кулушев, Нұрсұлтан Бейсенбек, Дамир Болатбеков

  • 66 келі: Айбек Иемберген, Табылды Биғамбаев, Қайрат Жеңісұлы

  • 81 келі: Елзат Нұрмаділ

Әйелдер:

  • 48 келі: Сымбат Тағай, Зере Өтепқали

  • 52 келі: Нұрайлым Сәрсенбек

  • 63 келі: Нұрай Жеңіс

  • 78 келі: Аружан Жандарбай

Азия кубогы екі күнге созылып, 29 қарашада аяқталады.

Айта кетейік, IJF жариялаған құрам әзірге түпкілікті бекітілмеген. Жарыс басталғанға дейін қатысушылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button