АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына 200-ден астам спортшы қатысады

16–22 қараша аралығында Астанада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жекелеген жаттығулар бойынша Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігіне 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де бар.

Жарыста ауыр атлеттер жекелеген жаттығулар бойынша өзара мықтыны анықтап, жеке және командалық есепте жүлделерді сарапқа салады.

Ерлер арасындағы бәсекелер жеті салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады. Спортшылар 60, 65, 71, 79, 88, 94 және 110 келіге дейінгі санаттарда өнер көрсетеді.

Ал әйелдер сегіз салмақ дәрежесінде сынға түседі. Атап айтқанда, 48, 53, 58, 63, 69, 77, 86 және 86 келіден жоғары салмақта ел чемпиондары анықталады.

Қазақстан чемпионаты елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Жарыс 16 қарашада басталып, 22 қарашаға дейін жалғасады. Чемпионат барысында еліміздің әр өңірінен келген ауыр атлеттер жүлделі орындар үшін бәсекеге түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button