БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық үш триатлоншы Гонконгтағы әлем кубогында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы 7–8 қараша күндері Гонконгта өтетін триатлоннан әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыста ел намысын үш спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама сапына Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев енді.

Қазақстандық спортшылар арасынан Арлан Жаңабайдың биылғы маусымдағы жетістігін атап өтуге болады. Ол жақында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.

Гонконгтағы әлем кубогының ерлер арасындағы жарысы 7 қарашада өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бәсекеге 65 триатлоншы қатысады.

Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік триатлоншыларымен бәсекеге түсіп, жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button