
Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Ресей өкілі Адам Сангариевпен кездесті.
Шешуші белдесуде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, халықаралық турнирдің қола медалін иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде жеңіп алған екінші жүлдесі.
Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола медаль иеленген болатын. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңген еді.
Осылайша, Қазақстан дзюдошылары Абу-Дабидегі жарыста екі қола медальға қол жеткізді.



