БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында оныншы орын алды

Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасының өкілдері техникалық бағдарламадағы жұптық сайыста өнер көрсетті. Даяна Джаманчалова мен Мақпал Қалмұрза 265.1108 ұпай жинап, қорытынды есепте 10-орынға орналасты.

Бұл бағдарламада Ресей құрамасы 300.1509 ұпаймен жеңімпаз атанды. Қытай спортшылары 289.7367 ұпаймен күміс жүлде иеленсе, Испания құрамасы 289.3125 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

14 тамызда қазақстандық спортшылар жарысты жалғастырады. Олар жұптық және аралас жұптық сайыста еркін бағдарлама бойынша, сондай-ақ командалық бәсекеде еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button