БАСҚАЛАРЫ

Құзға өрмелеуден Қытайдағы Әлем кубогына Қазақстан құрамасы қатысады

Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.

Халықаралық жарыста ел намысын Әлихан Татамбай, Анна Баларшина және Арина Новицкая қорғайды.

Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында бақ сынайды. Сонымен қатар жекелей және эстафеталық жарыстарға қатысады.

Әлем кубогының Гуйяндағы кезеңі 11–13 қыркүйек аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button