БАСҚАЛАРЫ

2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстанның ат спорты құрамасы жасақталды

Қазақстанның ат спорты құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды.

Аичи және Нагоя қалаларында өтетін құрлықтық додада Қазақстан атынан төрт шабандоз өнер көрсетеді. Құрама сапына Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова енді.

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында конкур бағдарламасы бойынша бақ сынайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button