БАСҚАЛАРЫ
2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан садақшылары анықталды

Қазақстанның садақ атудан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Құрлықтың басты додасында Қазақстан намысын 12 спортшы қорғайды.
Классикалық садақ ату
Ерлер:
- Ильфат Абдуллин
- Дәулеткелді Жаңбырбай
- Дастан Кәрімов
Әйелдер:
- Александра Землянова
- Медина Мұрат
- Самира Жұмағұлова
Блоктық садақ ату
Ерлер:
- Андрей Тютюн
- Ақбарәлі Қарабаев
- Мұса Ділмұхамет
Әйелдер:
- Виктория Лян
- Адель Жексенбинова
- Роксана Юнусова
Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Қазақстандық садақшылар құрлықтық додада классикалық және блоктық садақ ату бағдарламалары бойынша жүлделер үшін бақ сынайды.



