БАСҚАЛАРЫ
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты: боулдерингте алматылықтар үздік атанды

Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін жарыстың боулдеринг бағдарламасы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Аталған сында еліміздің әр өңірінен келген 64 спортшы бақ сынады. Оның ішінде 36 ер және 28 әйел қатысушы болды. Чемпионат барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты бәсеке өткізді.
Командалық есеп:
- Алматы қаласы — 268 ұпай
- Астана — 221 ұпай
- Шымкент — 177 ұпай
Ерлер:
- Матвей Есипов (Алматы қаласы)
- Глеб Семьёшкин (Алматы облысы)
- Алексей Панфилов (Шымкент)
Әйелдер:
- Зарина Агылманова (Астана)
- Виктория Адаменко (Алматы қаласы)
- Вера Ким (Астана)



