БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде бірнеше финалда өнер көрсетті

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан өткен Challenge Cup кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасының спортшылары жарыс барысында бірнеше финалға шығып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Осы бағдарламада Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.

Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, үздік бестікке енді.

Қол тіреп секіру жаттығуының финалында Асан Сәлімов 13,583 ұпаймен алтыншы орын алды. Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, жарысты сегізінші орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button