Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы әлемдік додада бес медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіленді.
Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медальға ие болды. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келі нәтижемен чемпион атанды. Осы жаттығуда Әлихан Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлде жеңіп алды.
Қоссайыс қорытындысында да қазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.



