
Қазақстан құрамасы Грузияның Гори қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады.
Ұлттық команданың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.
Ал қола жүлдені Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтады.



