КҮРЕСТРЕНДТЕ

Күрес түрлерінен U17 және U20 Қазақстан чемпионаты: қорытынды нәтижелер

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас санатындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Елдің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас балуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы өңірлік күрес мектептерінің деңгейін айқындап берді.

Грек-рим күресі

U17 санаты:
Алматы облысы – 130 ұпай (1-орын)
Абай облысы – 105 ұпай (2-орын)
Шымкент қаласы – 93 ұпай (3-орын)

U20 санаты:
Алматы облысы – 131 ұпай (1-орын)
Шымкент қаласы – 115 ұпай (2-орын)
Ақтөбе облысы – 104 ұпай (3-орын)

Әйелдер күресі

U17 санаты:
Алматы қаласы – 137 ұпай (1-орын)
Түркістан облысы – 108 ұпай (2-орын)
Жетісу облысы – 94 ұпай (3-орын)

U20 санаты:
Алматы қаласы – 177 ұпай (1-орын)
Түркістан облысы – 144 ұпай (2-орын)
Алматы облысы – 113 ұпай (3-орын)

Еркін күрес

U17 санаты:
Шымкент қаласы – 128 ұпай (1-орын)
Абай облысы – 119 ұпай (2-орын)
Алматы қаласы – 118 ұпай (3-орын)

U20 санаты:
Алматы қаласы – 177 ұпай (1-орын)
Түркістан облысы – 130 ұпай (2-орын)
Алматы облысы – 108 ұпай (3-орын)

Чемпионат барысында балуандардың қайсарлығы мен техникалық шеберлігі де ерекше бағаланды.

«Қайсар рух» аталымы еркін күрестен Айбек Қалияхметке (79 кг, Алматы облысы), әйелдер күресінде Динара Дауылқызына (53 кг, Астана қаласы) және грек-рим күресінен Дияр Аманәліге (55 кг, Шымкент қаласы) табысталды.

Ал «Дара тәсіл» аталымына еркін күрестен Әділет Манап (79 кг, Алматы облысы), грек-рим күресінен Еркебұлан Әнапия (82 кг, Алматы облысы) және әйелдер күресінен Назым Мұрат (65 кг, Абай облысы) ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button