ФУТБОЛ
«Қайрат» – «Пафос» матчын ағылшын төрешілері басқарады

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Қайрат» – «Пафос» кездесуіне Англиядан келген төрешілер тобы қазылық етеді.
Бас төреші қызметін Крис Кавана атқарады. Ол Англия Премьер-лигасында (АПЛ) ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейдегі матчтарды басқарған тәжірибелі маман.
Төрешілер бригадасы:
Бас төреші: Крис Кавана
Көмекшілері: Дэн Кук, Иан Хассин
Төртінші төреші: Сэм Бэррот
VAR төрешісі: Стюарт Отуэл
aVAR: Питер Бэнкс
Ойын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі маңызды матчтардың бірі болмақ. «Қайрат» өз алаңында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.



