Спорт Министрі | Республикалық спорт колледжінде диплом табыстау рәсімі өтті
БАСҚАЛАРЫ

Республикалық спорт колледжінде диплом табыстау рәсімі өтті

Республикалық спорт колледжінде бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биыл колледжді олимпиадалық спорт түрлерінің 41 студент тәмамдады.

Семсерлесу – 3
Дзюдо – 7
Таеквондо – 2
Еркін күрес – 4
Әйелдер күресі – 1
Грек-рим күресі – 8
Бокс – 10
Ауыр атлетика – 5
Жеңіл атлетика – 1

Колледж басшылығы түлектерді құттықтап, алдағы өмір жолында үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетулеріне және биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді. Салтанатты іс-шарада жаттықтырушылар, ата-аналар мен спорт ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, жастардың табандылығы мен спортқа деген адалдығына ризашылықтарын білдірді.

– Сіздер – отандық спорттың болашағысыздар. Колледж қабырғасында алған білім мен тәжірибе халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға, сондай-ақ спортта да, өмірде де биік белестерге ұмтылуға сеп болсын, – деді колледж директоры Ислам Байрамуков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button