Спорт Министрі | Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтеді
БАСҚАЛАРЫ

Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтеді

Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді. Бұл мереке әр жастағы адамдарды спортпен айналысуға, белсенді өмір салтын ұстануға және олимпиадалық құндылықтарды дәріптеуге шабыттандыруға бағытталған. Осы мереке аясында Қазақстанда бірқатар спорттық іс-шаралар өтеді.

Түрлі жарыстар әр жастағы спорт сүйер қауымды біріктіреді. Негізгі іс-шаралар Астанада ұйымдастырылады.

Мәселен, 20 маусымда әртістік жүзуден «Өзен» спорт кешенінің бассейнінде сайыс өтеді. Жарыс бағдарламасында – Екатерина мен Александра Немич есімді белгілі қазақстандық спортшылардың жетекшілігімен жаттығатын 17 синхронды жүзушілердің орындауындағы қойылымдар бар.

Спорт Министрі | Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтеді

21 маусымда су добынан Astana Cup турнирінің финалдық матчтары өтеді. Жарысқа жасөспірімдер командалары қатысады. Атап айтсақ, Первоуральск (Еуразия), Astana, Astana 2, Семей және Орал. Барлығы 80 жас спортшы бақ сынайды.

Астанадағы «Оазис» бассейнінде ашық суда жүзуден iSwim мектебінің тәрбиеленушілері арасында жарыс өтеді. Қатысушылар – 2007–2018 жылдары туған балалар, олар 25 метр қашықтыққа еркін стильде жүзеді.

Спорт Министрі | Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтеді

Әртүрлі жастағы спорт сүйер азаматтар ASTANA TRIATHLON Sprint триатлон жарысына қатысып көруге мүмкіндік алады. Бұл жарыс 22 маусым күні елорданың Орталық саябағында 05:30-дан 10:30-ға дейін өтеді. Бағдарламаға жеке және командалық спринтерлік қашықтықтар кіреді.

Спорт Министрі | Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтеді23 маусымда Barys Arena бассейнінде жаттығатын балалар үшін жүзуден жарыстар ұйымдастырылады. Қатысушылар – 2008-2019 жылдары туған спортшылар. Барлығы 128 жас атлет өз шеберлігін көрсетеді.

Спорт Министрі | Халықаралық Олимпиада күні: Қазақстанда қандай мерекелік шаралар өтедіБұдан бөлек, қазақстандық олимпиадашылар дәстүрлі түрде 23 маусым күні дүниеге келген сәбилерді құттықтайды. Olympian is born акциясы — Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күнін атап өтудің ажырамас бөлігі. Танымал спортшылар нәрестелер мен олардың ата-аналарына арнап арнайы сыйлықтар дайындап, оларды еліміздің барлық өңіріндегі перзентханаларға жібереді.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің 1894 жылы құрылған күніне орай атап өтіледі. Бұл мереке олимпиадалық құндылықтарды, спортты және салауатты өмір салтын барлық буын арасында насихаттауға арналған.

olympic.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button