Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде бір сатыға төмендеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде бір сатыға төмендеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусь және Солтүстік Македония құрамаларынан жеңілгеннен кейін FIFA рейтингінде бір сатыға төмен сырғыды, деп хабарлайды SportM.kz.

Football-ranking.com дерегінше, Қазақстан 113-орыннан 114-орынға түсті. Қазір біздің құрама Вьетнам (113) мен Мадагаскардың (115) арасында орналасқан.

FIFA рейтингінің алғашқы үштігінде Аргентина, Испания және Франция құрамалары тұр.

Рейтингтің ресми жаңартылған нұсқасы Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) сайтында 10 шілдеде жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button