
Астанада өткен 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен жол берді.
Бірінші таймда қазақстандық қорғаныстағы қателікті пайдаланған Александар Трайковски (33-мин) жалғыз голдың авторы атанды.
Екінші таймда ел құрамасы таразы басын теңестіруге тырысты. Сәтпаев, Мұхаммед, Зуев секілді ойыншылар алаңға шықты. Бірақ есеп өзгермеді.
2021 жылғы жолдастық кездесуде де қазақстандықтар македониялықтарға 0:4 есебімен есе жіберген еді.