
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде 8 маусым күнгі жекпе-жектер нәтижесінде Қазақстан құрамасының бес боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды SportM.kz.
Осы күні сегіз қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, бесеуі шешуші кезеңге өтті. Қалған үшеуі қола жүлдемен шектелді.
Күннің жекпе-жек нәтижелері:
🔹 50 кг – Даниял Сәбит (Қазақстан) vs Редуан Ассаи (Бельгия) – Сәбит нокаутпен жеңіске жетті
🔹 65 кг – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) vs Али Абдуллаев (Әзербайжан) – төрешілер шешімімен Әли Абдуллаев жеңді
🔹 70 кг – Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) vs Анас Каддури (Бельгия) – Абылайхан финалға шықты
🔹 75 кг – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) vs Джамал Кулиев (Украина) – Қарсыласы жеңіске жетті
🔹 80 кг – Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) vs Иде Силас (Дания) – Ерасыл финалға өтті
🔹 85 кг – Дәулет Төлемісов (Қазақстан) vs Идрис Леганас (Бельгия) – Дәулет финалға жолдама алды
🔹 90 кг – Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) vs Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) – Өзбекстандық спортшы жеңіске жетті
🔹 +90 кг – Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) vs Идрис Шонуби (Бельгия) – Нұрлан финалға шықты
Қазақстандық финалистер 9 маусым күні алтын үшін жұдырықтасады. Турнир өз мәресіне таяп келеді.