Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
БАСҚАЛАРЫ

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды. Құрамға төмендегі гимнастар енді:

Ересектер:

— Милад Карими — еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар

— Ілияс Әзізов — жекелей көпсайыс

— Дмитрий Патанин — жекелей көпсайыс

— Нариман Курбанов — ат снарядындағы жаттығулар

— Әлішер Тойбазаров — жекелей көпсайыс

— Роман Маменов — жекелей көпсайыс

Жасөспірімдер:

— Нұртан Ыдырысов — жекелей көпсайыс

— Роман Хегай — жекелей көпсайыс

— Артём Ковалёв — жекелей көпсайыс

— Владислав Бабушкин — жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар

— Андрей Терман — жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар

— Өмірсерік Досжан — қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс

Басқа жаңалықтар

Back to top button