БАСҚАЛАРЫ
Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында Астана спортшылары топ жарды

Елордада өткен көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды SportM.kz.
Жекелей көпсайыста Айым Мейіржанова чемпион атанды. Екінші орын тағы бір астаналық спортшы Эрика Жайлауоваға бұйырса, үздік үштікті Шымкенттен келген Милана Парфилова түйіндеді.
Топтық жаттығуларда да астаналық команда жеңіске жетті. Күміс жүлде — Шығыс Қазақстан облысының еншісінде. Қола медаль — Солтүстік Қазақстан құрамасына бұйырды.
Командалық есеп бойынша Астана командасы көш бастады. Қарағанды облысы екінші орынға табан тіресе, Шығыс Қазақстан облысы үштікті қорытындылады.