Спорт Министрі | Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды
БАСҚАЛАРЫ

Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды

14 жастағы ақтаулық шахматшы Эдгар Мамедов Қазақстан шахмат тарихындағы жаңа белесті бағындырды — ол еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері атанды.

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жас дарын бұған дейін үш гроссмейстерлік нормативті орындап, ФИДЕ рейтингінде 2492 ұпай жинаған. Гроссмейстер атағын ресми растау үшін оған небәрі 8 ұпай жетпей тұрған болатын.

Бұл межені Эдгар Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан жоғары деңгейлі «Sharjah Masters International Chess Championship 2025 – A» турнирінде еңсерді. Алғашқы екі турда сәтті өнер көрсеткен ол қажетті рейтингтік ұпайларды толықтырып, халықаралық гроссмейстер атағын ресми түрде иеленді.

Эдгар Мамедовтың бұл жетістігі — Қазақстан шахматының дамуы жолындағы тарихи оқиға саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button