Спорт Министрі | Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) қаласында өткен ITF W50 санатындағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Әлемнің 318-ракеткасы финалда жапониялық, 288-орындағы Аяно Шимицумен бас жүлде үшін таласты. Бірінші партияда қарсыласы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина ойынды өз қолына алып, 6:4 есебімен сетті өз пайдасына шешті.

Екінші сетте де Шимицу басымдық танытқанымен (2:0, 3:1), қазақстандық теннисші жауапсыз төрт гейм алып, 6:3 нәтижесімен жеңісті түйіндеді. Финал 1 сағат 24 минутқа созылды.

Осылайша, Зарина Дияс кәсіби мансабындағы кезекті жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button