Спорт Министрі | Ксения Балабаева шахматтан Азия чемпионатында қола медальға ие болды
БАСҚАЛАРЫ

Ксения Балабаева шахматтан Азия чемпионатында қола медальға ие болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен шахматтан Азия чемпионатында 19 жастағы қазақстандық спортшы Ксения Балабаева классикалық шахмат бойынша қола жүлдегер атанды.

7-15 мамыр аралығында өткен турнирде Ксения швейцариялық жүйе бойынша 23 елден келген 100 шахматшымен, оның ішінде 2 гроссмейстер және 13 халықаралық спорт шеберімен бақ сынасты. Ол 9 мүмкін ұпайдың 7-ін жинап, үздік үштіктен көрінді.

Соңғы турда Ксения 2024-2025 жылғы ФИДЕ әйелдер Гран-приінің қатысушысы, моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуулды ұтты. Турнир басталғанда үздік ондыққа кірмеген қазақстандық шахматшы үшін бұл медаль ерекше жетістік болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button